Иранда белсенді Хамида Зарейді хиджаб киюден бас тартқаны үшін 178 рет қамшымен сабады. Бұған қоса ол 18 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Daily Mail жазуынша, бұл "Гилак" әйелдер қозғалысының мүшесі және бұрынғы саяси тұтқын болып табылатын Тегеран университетінің 29 жастағы магистрантын қудалаудың бірінші оқиғасы емес.
Бұл жолы үкім мыналарды қамтиды:
- "қоғамдық тәртіпті бұзғаны" үшін тоғыз ай бас бостандығынан айыру және 74 рет қамшы жазасы;
- "құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсылық көрсеткені" үшін тоғыз ай бас бостандығынан айыру;
- "офицерді қызметтік міндеттерін орындау кезінде қорлағаны үшін" 74 рет қамшымен ұру;
- "Көзге көрінбейтін дене жарақатын жасағаны" үшін 30 қамшы соққысы.
Iranian activist is sentenced to 178 lashes and 18 months in prison after she was arrested for not wearing a hijab https://t.co/LATP1Envnd
— Daily Mail Online (@MailOnline) March 24, 2025
БҰҰ-ның соңғы жарияланған есебіне сәйкес, Иран әйелдердің міндетті хиджаб кию туралы заңдардың орындалуын қадағалау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын, бетті тану жүйелерін және басқа қолданбаларды пайдаланады.
Бұған дейін АҚШ Білім министрлігін жаппақ болған Трампты мұғалімдердің сотқа бергендігі хабарланған болатын.