"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі 2025 жылы 6 наурызда кешкісін ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарында көлік қозғалысында қиындықтар туындағанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мына аталған жол учаскелері барлық көлік түрлері үшін 7 наурыз сағат 7-00-ге дейін жабық:
Қарағанды облысы:
- "Астана — Қарағанды — Алматы" тас жолының 1426-1457 шақырым аралығы (Теміртау төлем алу пункті – Қарағанды қаласы);
- "Теміртау — Ақтау — Бастау" тас жолының 0-53 шақырым аралығындағы учаскесі (Теміртау қаласы – Бастау ауылы).
- "Қарағанды — Аягөз — Тарбағатай — Боғас" тас жолының 17-217 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы – Қарқаралы қаласы).
- "Астана — Қарағанды — Алматы" тас жолының 1505-1610 шақырым аралығы (Атамекен ауылы — Ақсу — Аюлы ауылы).
- "Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті" тас жолының 970-1135 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы – Павлодар облысының шекарасы).
Ақмола облысы:
- "Астана — Қарағанды — Алматы" тас жолының 1291-1353 шақырым аралығы (Жібек Жолы төлем алу пункті – Қарағанды облысының шекарасы).
- "Астана — Қарағанды — Алматы" тас жолының 1353-1426 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Теміртау төлем алу пункті).
- "Астана — Қабанбай батыр — Нұра — Теміртау" автожолының 35-51 шақырым аралығы (Қабанбай батыр ауылы – Қарағанды облысының шекарасы).
Ұлытау облысы:
- "Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті" тас жолының 433-756 шақырым аралығындағы учаске (Жезқазған қаласы – Жаңаарқа елдімекені).
- "Ақшатау — Ағадыр — Ортау — Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті автожолы" 180-195 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы – KAZ14 автожолына дейін).
Атырау облысы:
- "Атырау — Орал" тас жолының 5-62 шақырым аралығындағы учаске (Атырау қаласы – Махамбет ауылы).
Павлодар облысы:
- "Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті" автожолының 1135-1206 шақырым аралығындағы учаске (Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті ауылы).