Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1-сәуірде басталады. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, ата-аналардың өтініші бойынша балалар мектепке 6 жастан бастап қабылданбақ.
Құжаттарды egov.kz электрондық үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы және қағаз нұсқада 31 тамызға дейін тапсыруға болады, деп жазады qazaqstan.tv.
Қажетті құжаттар тізіміне тоқталсақ, ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші, денсаулық жағдайы туралы анықтамасы және баланың денсаулық паспорты. Сондай-ақ 3х4 өлшемді 2 сурет.