Тараздағы сауда орталығынан жылан табылды

Жаңалықтар

Тараздағы сауда үйлерінің бірінен жылан табылды. Жыланның үй-жайға қалай кіріп кеткені белгісіз, мекеме қызметкерлері дереу Төтенше жағдайлар министрлігіне хабарласып, көмек сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда үйінің қызметкері 112 пультіне қоғамдық жерден улы жылан табылғанын хабарлады.

"Құтқарушылар сауда орталығына жылдам жетіп, жылан аулағыштың көмегімен бауырымен жорғалаушыны ұстап алып, елді мекеннен алыс, қауіпсіз жерге шығарды", – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Ведомство қазақстандықтарға, егер жылан табылса, адамдарды сыртқа шығарып, кейін ол орналасқан бөлменің есігін бекітіп, құтқарушыларды шақыру қажеттігін тұсіндірді.

Жыланды өз бетімен ұстау әрекеті апатқа әкелуі мүмкін.

Белгілі болғандай, қазақстандықтар жыланды кез келген жерде кездестіре алады. Мысалы, 2024 жылдың тамыз айында Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан табылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жыланды бөтелкенің көмегімен ұстады.