Жапониядағы орман өрті дес бермей тұр

Жаңалықтар

Апаттарға қарсы агенттіктің мәліметі бойынша, 25 ақпанда басталған Офунатодағы өрттен бүгінде 5190 акр орман алқабы жойылып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

NBC News дерегінше, бүгінде қызыл жалын үйлерге дейін жетіп қалған. Қазірдің өзінде жүзге тарта үйді шарпып үлгерген, мыңдаған тұрғын баспаналарын тастап эвакуациялануға мәжбүр болған.

Апаттар мен өрттерге қарсы агенттік кем дегенде 84 үй жанып кеткенін және 1200-ден астам адам эвакуацияланғанын хабарлады. Кейбір аудандарда өрт сөндірілді. Ел бойынша 2000-нан астам әскер мен өрт сөндірушілер жұмылдырылды.

Агенттік 27 ақпанда жол үстінен ер адамның мәйіті табылғанын жазды. Билік қазір оның өлімінің қызыл жалынмен қатысы бар-жоғын анықтауда.

Бұған дейін АҚШ-та Мексика, Канада және Қытай тауарларына баж салығы өсетіндігі хабарланған болатын.