Шұғыл: Air Astana ұшағы діттеген жеріне жете алмады

Жаңалықтар

Тбилисиден Алматыға ұшқан Airbus A321 жолаушылар ұшағы Гейдар Алиев халықаралық әуежайына шұғыл қонды. Бұған жолаушылардың бірінің денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Оxu.az басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әуежайдың хабарлауынша, қонуға өтініш бергеннен кейін дағдарыс орталығы жұмылдырылды.

“Жерүсті қызметтері өз әрекеттерін жылдам үйлестірді. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 00:25-те сәтті қонды. Жолаушыға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға жеткізілді”, – делінген хабарламада.

Air Astana Алматыға рейсті кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Қалған жолаушылар қонақүйге орналастырылды.