2025 жылғы 23 наурызда таңертең Еңбекшіқазақ ауданы аумағындағы облыстық маңыздағы "Түрген ауылы – Батан шатқалы" автожолының 23-24 шақырымында қар жамылғысының тұрақсыздығы және таулы беткейлерде қардың көп жиналуына байланысты өздігінен қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері қазіргі уақытта қар көшкінің параметрлері нақтылануда екенін мәлімдеді.
Оқиға салдарын жою және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оқиға орнына мына күштер мен құралдар жіберілді:
- "Қазселқорғау" ММ-нен 1 қызметкер мен 1 техника бірлігі,
- Алматы облысы ТЖД-нен 1 қызметкер мен 1 техника бірлігі.
Бұл ретте, азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Алматы облысының "Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" шешіміне сәйкес, 2024 жылғы 15 қарашадан 2025 жылғы 31 наурызға дейін "Түрген – Батан – Асы обсерваториясы" облыстық маңыздағы автожолының 15-41 шақырым аралығы көлік қозғалысы үшін жабық.
"Азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және маршруттарды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруге шақырамыз". Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Бұған дейін Тараз қаласында өрт кезінде 10 адам эвакуацияланғаны хабарланған болатын.