АҚШ-та Диснейлендтегі Epcot тақырыптық саябағында өрт шықты, оқиғаға байланысты "Ремидің Рататуй әлеміндегі шытырман оқиғалары" аттракционының кейбір қонақтарын эвакуациялауға тура келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Fox 35 Orlando жазуынша, өрт Франция павильонының қызмет көрсету аймағында тұтанған.
"Өрт 22 наурызда түстен кейін басталды, ал төтенше жағдай орнынан алғашқы кадрлар әлеуметтік желілерде сағат 19:00 шамасында пайда болды. Сағат 19:20-да өрт сөндірілді. Бұл күні саябақ сағат 21.00-де жабылуы керек еді. Зардап шеккендер жоқ", – деді әкімшілік.
#ÚLTIMAHORA