Павлодар облысында өгей баласын ыдыс-аяқ жинамағаны үшін соққыға жыққан азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.
4 наурызда өгей әкесі кәмелетке толмаған өгей баласын үстелді жинамағаны үшін ұрғаны анықталды. Бастапқыда заңды өкіл өтініштен бас тартты.
Сондай-ақ, өтініштен бас тартқан ананың тәртібі кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралатын болады.