"Қар жауады, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 23 наурызға арналған ауа райы болжамы

Жаңалықтар

Синоптиктер 2025 жылдың 23 наурызына арналған синоптикалық жағдай мен Қазақстандағы ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжаммен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Еліміздің басым бөлігінде фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде, күндіз жаңбыр түрінде жауын-шашын болады", — дейді "Қазгидромет" РМК.

Солтүстікте түнде қар жауады деп күтіледі. Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында нөсер жаңбыр жауады деп болжанады. Жалпы, бүкіл ел бойынша ортақ табиғи құбылыс — желдің күшею ықтималдылығы. Солтүстік-батыста, шығыста және Қазақстанның орталығында тұман түссе, солтүстікте, шығыста көктайғақ, оңтүстікте найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

Астанада 23 наурызда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні 3-8 м/с, күндіз — 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -8...-10°, күндіз: шамамен 0°.

Алматыда аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні — 15-20 м / с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°, күндіз: +18...+20°.

Шымкентте аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +11...+13°, күндіз: +21...+23°.

Бұған дейін синоптиктер ұсынған Алматы қаласы бойынша алдағы жеті күнге арналған ауа райының алдын ала болжамымен бөліскен болатын.