Қос мерекеге арналған көрме

Жаңалықтар

Әз-Наурыз мерекесі мен ұлы Абайдың биылғы 180 жылдық мерейтойының құрметіне семейлік қылқалам шеберінің көрмесі ашылды.

Әйгілі жазушы Ф.Дос­тоев­­ский­дің әдеби-ме­мориалдық музей-үйінде суретші Александр Гореловтің «Абай әлемі» атты жеке көрмесі ашылды. Көрменің бұлай аталуы кездейсоқ емес. Автордың картиналарында көр­некті ақынның өміріне тіке­лей байланысты жерлер көрініс бер­ген. Онда Құнанбай мешіті, Семей қаласындағы ақынның барған кітапхана ғимараты, мемориал кесенелер, ХVІІІ ғасырда салынған Ямышев қақпасы және Алаш арыстары атылған арал (Түйемойнақ) секілді тарихи орын­­дар суреттелген. Мұны Семей қаласының тарихи архи­тек­­­туралық ансамблі деп атауға да болады. Сонымен қатар таби­ғат пейзаждары мерекелік көңіл күйге жылы әсер беріп тұрғаны байқалады.

«Әскери қызметтен кейін Қырғыз Ұлт­тық академиялық опера және ба­лет театрында жұ­мыс істедім. Оқу­ды аяқта­ған­­нан кейін түрлі театр­­да­­­ істеп, көп ұзамай Алма­ты­ театр-көркемсурет инс­­титу­тын­да­ сценографиядан сабақ беру­ге шақыру алдым. Ал 1981 жыл­дан бастап, зей­нет­­кер­лік­ке шыққанға дейін Семей қаласындағы Дос­тоев­­ский атын­дағы театрдың бас су­рет­шісі болдым. Осы уақыт ара­лы­ғын­­да Семей қаласының тари­хи жер­­лерін таспалауға тырыс­тым», дей­ді суретші Александр ­Гри­горье­вич.

Суретшінің бұған дейін ­20-дан астам жеке көрмесі өтіпті. Ол өзінің жаңа көрмесін Наурыз мейрамы мен Абайдың 180 жылдығына орай қойғанын, оған қалаға келуші туристердің ерекше қызығушылық танытып отырғанын айтады.

Абай облысы