Еліміздің үш өңірінде қызыл судың жайылуына байланысты жол учаскелері жабылды

Жаңалықтар

2025 жылы 21 наурызда сағат 20:00-дегі жағдай бойынша еріген қар суларының салдарынан үш облыстағы үш республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі шектеу шаралары Ақтөбе, Қостанай және СҚО-ның жол учаскелерінде енгізілді.

Ақтөбе облысы:

  • "Қандыағаш — Ембі- Шалқар — Ырғыз" автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы — Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

  • "Мариновка ауылына кіреберіс" тас жолдың 9 шақырым аралығы.

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • "Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Барлық учаскелерде айналма жолдар қарастырылған. Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 159 арнайы техника мен 290 маман жұмылдырылды.

Бұған дейін СҚО-дағы тас жолдың бірі 10 сәуірге дейін жабылғанын жазғанбыз.