Алматыда күн күрт суытып, қар жауатыны болжанады

Жаңалықтар

Синоптиктер Алматыда алдағы жеті күнге арналған алдын ала ауа райы болжамымен бөлісті. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, қалада ауа райы құбылмалы болады, келесі аптада күннің қызуы басылып, салқын әрі жауын-шашынды күндер белең алады, деп хабарлайды Zakon.kz

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың ақпаратынша, 2025 жылы 22-28 наурыз аралығында бір апта бойында қалада тұман түсіп, қар жауады, ал түнде термометр бағаны 2 градус суыққа дейін төмендеуі мүмкін.

Оңтүстік астанаға суық демалыс күндерінен кейін оралады. Дүйсенбіде қатты жаңбыр жауады, қаланың кейбір бөліктерінде қар жауады, температура күрт төмендеп, қатты жел тұрады деп болжанады.

22 наурызда Алматы облысының солтүстігінде найзағай ойнап, соққан желдің екпіні 22 м/с құрайды.

22 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, кей тұста 13 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +9 ...+11°C, күндіз: +24...+26°C.

23 наурыз: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°C, күндіз: +18...+20°C.

24 наурыз: аспанбұлтты, таңертең және түстен кейін қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +7...+9°C, күндіз: +13...+15°C.

25 наурыз: аспан бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+2, күндіз: +3...+ 5°C.

26 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан соққан желдің екпіні — 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°C, күндіз: +3...+5°C.

27 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. Шығыстан соққан желдің екпіні — 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+2°C, күндіз: +8...+10°C.

28 наурыз: аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, күндіз кей тұста 15 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +2...+4°C, күндіз: +10...+12°C.

Бұған дейін синоптиктер қазақстандықтарды өзендердегі су деңгейінің жоғарылауына байланысты кейбір өңірлерде жауын-шашын, тұман және су тасқыны болатынын айтып, дауылды ескерту жариялаған.