Қызылордада жас бұзақылар жауапқа тартылды

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында полиция қызметкерлері жастардың қызметтік көлікке түкіріп, оны 19 наурыз күні TikTok-қа жариялағанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство дерегінше, құқық бұзушылар 19 жастағы қыз бен кәмелетке толмаған жасөспірім тез арада табылып, полицияға жеткізілді.

"Олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды",- делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, жасөспірімнің заңды өкіліне қатысты да шаралар қабылданды. Атап айтқанда, жасөспірімнің түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болғаны үшін хаттама ресімделді.

Іс бойынша құжаттар мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды, ал білім басқармасына тиісті ұсыныс дайындалып, берілетін болады.

Бұған дейін Атырауда үш күнде 800-ге жуық құқық бұзушылық анықталғандығы хабарланған болатын.