Арғын Нығматулин тергеу басталғанға дейін Қазақстаннан шығып кеткен

Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев Арғын Нығматулиннің тергеу басталғанға дейін Қазақстаннан шығып кеткенін айтты.

Антикор Нығматулинге қатысты тергеу жүргізіп жатқан жоқ. Басқа мемлекеттік орган тергеп жатыр, пікір бере алмаймыз. Біз тек осы іс бойынша іздестіру шараларын жүргізіп жатырмыз, – деді Құрақбаев.

Сенат кулуарында журналистер Антикор басшысының орынбасарынан Арғын Нығматулиннің қайда екенін анықтау мүмкін болды ма деп сұрады.

Оның Қазақстанда жоқ екенін білеміз: тергеу басталғанға дейін кетіп қалған. Ол Қазақстанда емес. Қазіргі уақытта оны іздеу және қайтару бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. Іздеу барлық елде жүргізіледі – ол мемлекетаралық іздеуге жарияланды, – деп түйіндеді Дархан Құрақбаев.