Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаевқа қатысты сот процесі сегіз айға созылып, әлі күнге дейін үкім шықпаған. Антикоррупциялық қызмет бұл жағдайдың себебін түсіндірді .
Антикор төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаевтың айтуынша, іс сот қарауында, бірақ тергеу мүддесіне байланысты толық ақпарат беру мүмкін емес.
“Іс сотқа жіберілді, қазір қаралып жатыр. Алайда тергеу мүддесіне байланысты егжей-тегжейлі мәліметтерді жариялай алмаймыз. Әзірге нақты шешім жоқ, қандай да бір пікір білдіруге құқығымыз жоқ,” – деді Құрақбаев.
Дереккөзі: adyrna.kz