Бокстан Әлем чемпионатында жүлделі болған сұлуларымыздың қанша гонорар алатыны белгілі болды

Жаңалықтар

Қазақстан бокс федерациясы 8-16 наурыз аралығында Сербияда өткен әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қанша сыйақы алатынын айтты. Аталған додада қыздарымыз үш алтын медаль, екі күміс медаль және бір қола медаль еншілеген болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

8-16 наурыз аралығында Ниш (Сербия) қаласында өткен бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы әрі жүлдегері атанған Қазақстан спортшылары Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тарапынан келесі ақшалай сыйақыға ие болды:

  • Назым Қызайбай (алтын медаль) – 100 мың АҚШ доллары
  • Алуа Балқыбекова (алтын медаль) – 100 мың АҚШ доллары
  • Аида Әбікеева – (алтын медаль) 100 мың АҚШ доллары
  • Виктория Графеева (күміс медаль) – 50 мың АҚШ доллары
  • Елдана Талипова (күміс медаль) – 50 мың АҚШ доллары
  • Наталья Богданова (қола медаль) – 25 мың АҚШ доллары

Сонымен қатар, аталмыш боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан да қаржылай сыйақы табысталады:

  • Назым Қызайбай (алтын медаль) – 100 мың АҚШ доллары
  • Алуа Балқыбекова (алтын медаль) – 100 мың АҚШ доллары
  • Аида Әбікеева (алтын медаль) – 100 мың АҚШ доллары
  • Виктория Графеева (күміс медаль) – 50 мың АҚШ доллары
  • Елдана Талипова (күміс медаль) – 50 мың АҚШ доллары
  • Наталья Богданова (қола медаль) – 25 мың АҚШ доллары

Бұдан бөлек, бапкерлер мен дәрігерлерге де Қазақстан бокс федерациясы тарапынан сыйақы қарастырылған.

Әлемдік деңгейде Қазақстан намысын қорғап, жүлделі болған осы сұлуларымыздың мына видеосы желіні "жарып" жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Бұған дейін бокс 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгенін жазғанбыз.