Жамбыл облысында өнеркәсіп кәсіпорындарынан 33 мың тоннадан астам прекурсор тәркіленді

Жаңалықтар

Жамбыл облысында өнеркәсіп кәсіпорындарынан 33 мың тоннадан астам прекурсор табылды. "Дәрмек" жедел алдын алу іс-шарасының 5 күні ішінде Жамбыл облысында 5 келіден астам түрлі есірткі заттары заңсыз айналымнан тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құқық бұзушылығының 40 дерегін анықтады.

Атап айтқанда, 4 қылмыс анықталды:

  • екеуі айналыстан алынған заттарды немесе айналысы шектелген заттарды контрабандалық жолмен өткізу фактісі,
  • тағы бірі құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіруге қатысты,
  • тағы бірі — психотроптық заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу фактісі.

Сондай-ақ 9 қылмыстық теріс қылық, 27 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Олардың ішінде техникалық нығайту талаптарын бұзудың 20 дерегі, фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзудың бес дерегі, лицензиялау шарттарын бұзудың 2 фактісі бар.

"33 мың 412 тонна 30 келі түрлі прекурсорлардың, сондай-ақ 4 469 түрлі есірткі және психотроптық препараттардың айналымы шектелді". Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматыда бірнеше аймақты қамтыған дропперлер тобы ұсталғанын жазғанбыз.