Жеңіске 80 жыл: Ресей Қазақстанды халықаралық форумға шақырды

Жаңалықтар

Іс-шара сәуір айының соңында өтеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володин Қазақстан мәжілісінің спикері Ерлан Қошановты «Ұлы мұра — ортақ болашақ» атты халықаралық форумға шақырды.

Володинмен телефон арқылы сөйлескен Қошанов шақыртуды қабыл алып, өзінің қатысатынын айтты.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шара сәуір айының соңында Волгоградта өтеді. Ол Беларусь пен Ресей одағының парламенттік жиналысының қолдауымен өткізіледі.

Форумға ТМД елдерінің заң шығарушы органдары, бірқатар достас мемлекеттің, сондай-ақ ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері қатысады.