Грекияның Коста-Наварино қаласында өткен Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) 144-сессиясында Томас Бах ХОК-тің құрметті президенті болып өмір бойына сайланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол бұл қызметті 2025 жылғы 23 маусымда өзінің президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін атқарады.
Бұл бастаманы ХОК-нің Атқарушы комитеті атынан ұйымның бірінші вице-президенті Николь Хуверц ұсынды, ал ХОК мүшелері бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.
Томас Бахтың құрметті лауазымға сайлануы оның олимпиадалық қозғалысты дамытуға қосқан үлесінің мойындалуы болды.