Рим папасының жағдайы жақсарып қалды

Жаңалықтар

Өкпенің қабынуынан сырқаттанып қалған Рим папасының денсаулығы біртіндеп жақсарып келеді, католиктік шіркеу басшысы жұмысына аз-аздап кірісе бастаған. Бұл туралы шіреудің баспасөз қызметі Vatican News мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Рим папасының клиникалық жағдайы жақсарып келеді. Қазір ол инвазивті емес желдетуді тоқтатты, оның жоғары ағынды оттегі терапиясына деген қажеттілігі де төмендеді», делінген хабарламада.

Қозғалтқыш және тыныс алу физиотерапиясының оң нәтижелері жалғасып жатыр. Келесі аптаның сәрсенбі күні таңертең Әулие Джозеф мерекесінде Рим Папасы Франциск халқына уағыз айтпақшы.