Кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық жасаған 25 адам өмір бойына сотталды – Динара Зәкиева

Жаңалықтар

Динара Зәкиева Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық жасағандарға қатысты статистиканы жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

— Жыл сайын кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық жасау бойынша 900-ге жуық іс тіркеледі. Бұл 120, 121, 124-баптарға сәйкес қаралатын істер. Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң қабылданғаннан бері осындай ауыр қылмыс жасаған 25-27 адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, — деді Динара Зәкиева.

Сонымен қатар, ол мұндай қылмыстар жиі тіркелетін өңірлерді атады.

— Жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстар негізінен Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Жамбыл облыстарында көптеп кездеседі, — деді уәкіл.