Әйгілі "Менің атым Қожа" фильмі үлкен экранға қайта оралды

Жаңалықтар

Танымал туынды 2025 жылғы 20 наурыздан бастап қайта оралады .

Қазақ киносының жауһары, режиссёр Абдулла Қарсақбаевтың "Менің атым Қожа" фильмі алғаш көрсетілгеніне 60 жыл толуына орай, Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ бұл танымал туындыны еліміздің барлық өңірінде 2025 жылғы 20 наурыздан бастап Kinopark/Kinoplexx кинотеатрлар желісінде эксклюзив түрде, қайта оралатынын хабарлайды.

Бүкіл бір дәуірдің символына айналған, бірнеше буынды тәрбиелеген бұл фильм толықтай қалпына келтіріліп, үлкен экранға қайта оралды.

Жаңартылған нұсқа фильмнің түпнұсқасының болмысын сақтай отырып, көрермендерге заманауи сапада тамашалау мүмкіндігін сыйлайды.

"Менің атым Қожа" фильмін қайта қалпына келтіру – фильмнің бейне мен дыбыс сапасын жақсартуға бағытталған жұмыс. Бұл процесс кадрларды тұрақтандырудан бастап, шуды жою және дыбыс пен бейнені синхрондауға дейін қамтыды. Әр кезеңде фильмнің түпнұсқалығын сақтай отырып, заманауи техникалық жетістіктер енгізілді. Бұл – барлық жастағы көрермендер үшін қазақ киносының классикасымен танысуға берілген бірегей мүмкіндік. Жоба тек мәдени ғана емес, әлеуметтік маңызға да ие: көрсетілімдерден түскен қаражаттың бір бөлігі басты рөлді сомдаған Нұрлан Санжарды (Сегізбаевты) қолдауға бағытталатын болады", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Мазмұнсыз фильмдермен күрес: Кинотеатрда көрсету үшін арнайы комиссияның рұқсаты керек болады