Наурыздың 19-ы күнгі сауда-саттық барысында доллар бағамы қайта көтерілді

Жаңалықтар

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 19 наурызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,79 теңгеге көтеріліп, 500,32 теңге болды.

Рубльдің орташа сараланған бағамы 6,04 теңгеге (-0,06) түсті.

Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 68,84 теңгеге (+0,21) көтерілді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 501,3-504,1 теңге, еуро 547-552 теңге, рубль 5,85-6,03 теңге аралығында сатылуда.

19 наурыздағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасындағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,43%-ға арзандап, барреліне 70,26 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,43%-ға арзандап, барреліне 66,46 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 496,41 теңге, еуроны 542,77 теңге, рубльді 6,05 теңге деп белгіледі.