Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Доха қаласында (Қатар) оқу-жаттығу жиындарын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Команда алдағы Әлем кубогының кезеңдеріне дайындық жүргізуде. Оқу-жаттығу жиыны 30 наурызға дейін жалғасады, содан кейін кейбір спортшылар Әлем кубогының кезеңіне аттанады.
Айта кетейік, дайындық орталығында Париж Олимпиадасының қола жүлдегерлері Ислам Сәтпаев пен Александра Ле, сондай-ақ 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушылары Никита Чирюкин, Константин Малиновский, Арина Алтухова, Ирина Юнусметова және басқа да спортшылар бар.
Келесі Әлем кубогының кезеңі 1-11 сәуір аралығында Буэнос-Айресте (Аргентина) өтеді.