Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Түркия әлемнің бірнеше еліне гүлдердің рекордтық санын жіберуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Anadolu Ajansi мәліметтері бойынша, биыл Түркиядан әлемнің 34 елі 75 миллион дана гүл сатып алған. Бұл түрік әйелдерінің таза еңбегі, себебі гүл секторындағы 80% жұмыс күшін әйелдер қалыптастырады.
Сәндік өсімдіктер мен өнімдерді экспорттаушылар қауымдастығының басшысы Исмаил Йылмаздың айтуынша, түрік гүлдеріне сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 8 наурыз қарсаңында 10% – ға өсті.
Түрік гүлдерінің негізгі импорттаушылары:
- Нидерланды;
- Ұлыбритания;
- Германия;
- Болгария;
- Румыния.
Бұған дейін Жамбыл облысында сапасыз жол үшін шенеуніктер жазаланғаны хабарланған болатын.