Энергетика министрі болып Ерлан Ақкенженов тағайындалды

Жаңалықтар

Ол 2023 жылдан бері энергетика вице-министрі қызметін атқарды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Ақкенженовті энергетика министрі қызметіне тағайындады. Жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

"Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының энергетика министрі лауазымына тағайындалсын" делінген жарлықта.

Еске салайық, бұрынғы министр Алмасадам Сәтқалиев Атом энергиясы жөніндегі агенттік басшылығына ауысқан болатын.

Ерлан Ақкенженов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. "Әділет" жоғары құқық мектебін (Заңгер-құқықтанушы), "Астана" университетін (Мұнай-газ ісі) бітірген.

Ол 2023 жылдан бері энергетика вице-министрі қызметін атқарған болса, оған дейін мұнай-газ саласында, "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясының құрылымдарында еңбек еткен.


Оқи отырыңыз: Алмасадам Сәтқалиев Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы болып тағайындалды