Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлу қамауға алынды .
Шаһар басшысымен қатар тағы 100-ге жуық адам қамауға алынған. Олардың қатарында мэрдің баспасөз хатшысы да бар.
Ыстамбұл мэриясына қатысты жемқорлыққа қарсы ауқымды операция басталғаны хабарланды. Прокуратура бұл істің қалалық тендерлерді өткізуіне және шенеуніктердің елде тыйым салынған «Күрдістан жұмысшы партиясымен» ықтимал байланыстарын анықтауға қатысты екенін мәлімдеді.
Құқық қорғау органдары мэрдің үйінде тінту жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар кеше Ыстамбұл университеті Имамоғлудан дипломын кері қайтарып алу туралы шешім қабылдады. Бұл оның алдағы президенттік сайлауға түсуіне кедергі келтіруі мүмкін.
Таңбалар: мэр Ыстамбұл