Алаяқтық жасады және ақтаулық тұрғынның шотынан 28 млн теңгеден астам қаржыны шешіп алды деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"24KZ" дерегінше, 4 наурызда полицейлер жергілікті тұрғынды ұстап, оған ақша шешуге көмектескен екі сыбайласын да анықтады.
Тергеу "аса ірі көлемде жасалған алаяқтық" бабы бойынша жүргізілуде.
"Маңғыстау облысының тұрғыны ұсталды, ол ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жәбірленушінің қосымшасына қол жеткізді. Қазақстан Республикасының екі азаматының шотына аударған 28 млн теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатты ұрлап әкеткен. Барлық адамдар анықталды. Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде". Бейбіт Біржанов, ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары
Бұған дейін асырап алған баласын азаптап өлітірген әйелдің сотталғандығы хабарланған болатын.