Ғарыш станциясында 9 айға қалып қойған астронавтар Жерге қайтып келе жатыр

Жаңалықтар

Халықаралық ғарыш станциясында 8 күн болудың орнына 9 айға қалып қойған НАСА-ның 2 астронавты Жерге қайтып келе жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Олар бірнеше сағаттан соң Мексика шығанағына қону керек. Америкалықтар былтыр маусымда Боинг компаниясының миссиясы аясында ғарыш станциясына ұшқан еді. 8 күн ішінде кері қайту керектін. Бірақ техникалық ақауға байланысты осы күнге дейін қайта алмады. Астронавтар 9 ай бойы ғылыми зерттеулер жүргізіп, станцияға техникалық қызмет көрсеткен. Солардың бірі – Сунита Уильямс ашық ғарышта 62 сағат өткізіп, әйелдер арасында рекорд орнатты. Енді олармен бірге жарты жыл бұрын халықаралық ғарыш станциясына аттанған америкалық және ресейлік 2 ғарышкер де ұшып келу керек.