Швейцарияның Энгадин қаласында фристайл-могулдан әлем чемпионатының ерлер арасындағы жарысында іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іріктеу кезеңіне Қазақстан құрамасынан төрт спортшы қатысты. Алайда, тек Павел Колмаков қана іріктеуден өтіп, 16-нәтиже көрсетті.
Антон Бондарев 25-орынға, Максим Емельянов 27-орынға, ал Фёдор Бугаков 30-орынға ие болды.
Айта кетейік, негізгі жарысқа тек алғашқы 20 спортшы ғана өтті.
Бұған дейін Юлия Галышева мен Анастасия Городко да сәтті өнер көрсетіп, іріктеуден өткен болатын.
Жүлделер 19 наурызда сарапқа салынады.