Ерлан Қарин Өзбекстан президентінің көмекшісіне Қазақстандағы оң өзгерістер жайында айтты

Жаңалықтар

Мемлекеттік кеңесші президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың IV Ұлттық құрылтайда көтерген жаңа бастамаларына айрықша тоқталды.

Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиёевамен жүздесті, деп хабарлады Ақорда сайты.

Ерлан Қарин мен Саида Мирзиёева кездесуде мәдени-гуманитарлық саладағы екі жақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру Олар мәдениет және өнер саласындағы ықпалдастықты тереңдету әрі тәжірибе алмасу мәселелеріне баса назар аударды.

Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин елде жүргізіліп жатқан өзгерістер, соның ішінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың Бурабайда өткен IV отырысында көтерген жаңа бастамалары туралы айтты.

"Жұмыс сапары аясында екі ел арасындағы мәдени диалогты дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, Ерлан Қарин мен Саида Мирзиёева Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан мемлекеттік опера және балет Үлкен театрының "Лазги. Танец души и любви" атты қойылымын тамашалады. Сонымен қатар суретші Орал Таңсықбаевтың кескіндемелік және графикалық жұмыстарының көрмесі өтеді", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.