2025 жылдың 17 наурыз күні Меркі аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне Меркі ауылы Ойтал учаскесі "Нұрай" бөбекжай бақшасының 10 тәрбиеленушісі келіп түскен, деп хабарлайды Жамбыл облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Оның ішінде 9 жағдай жіті ішек инфекциясы, 1 жағдай энтеровирусты инфекция диагнозымен тіркелген.
1 жасөспірім жансақтау бөліміне ауыстырылған, жағдайы бірқалыпты (оң нәтижелер байқалуда).
Осыған байланысты облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес жұмысшы топ құрылып, әр баланың жағдайымен танысып, орын алған жағдай зерделенуде. Аурудың неден шыққаны анықталуда.
Қәзіргі таңда ауруханада қосымша төсек орны қажетілікке байланысты дайын. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.
Бүгінгі күнге Меркі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен тексеру жұмыстары басталып, барлық сынамалар алынған, қорытындысы күтілуде.
Аталған бөбекжай жұмысы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін екі тәулікке тоқтатылып, ата аналарға ескертілді.
Құзырлы органның тексеру қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданатын болады.
Қоғамдық ахуал тұрақты, жағдай бақылауда.