Алмасадам Сәтқалиев Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасы болып тағайындалды

Жаңалықтар

Ол энергетика министрі қызметінен босатылды .

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алмасадам Сәтқалиевті жаңа қызметке тағайындады. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

"Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын" делінген жарлықта.

Атом энергиясы жөніндегі агенттігі – жаңа мекеме. Оны құруға негіз болған "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа да мемлекет басшысы бүгін қол қойды.


Оқи отырыңыз: В Казахстане создадут Агентство по атомной энергии: Токаев подписал указ