Қазақстандық танымал әнші Бүркіт (Айбек Жансейітов) ата-анасын ерекше сыйлықпен қуантты. Өнер иесі жасы 90-ға таяған әкесі мен анасын Дубайға демалысқа жіберіп, олардың жайлы уақыт өткізуіне жағдай жасаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әнші бұл туралы Instagram парақшасында бөлісіп, ата-анасының Дубайда қалай демалып жүргенін көрсететін видеолар жариялады. Кадрларда ақсақалдың теңіз жағасында серуендеп, күнге қыздырынып, бассейнге шомылып жүргені байқалады.
Биыл әкемнің туған күні қарсаңында ата-анамызды тойдың орнына Дубайға демалуға жіберуді жөн көрдік. Он шақты күн жайлы демалсын деп, шетелге бес жұлдызды қонақүйге орналастырдық. Қазір ораза айында Дубайда ауа райы тамаша. Ол жақтан ағам күтіп алып, тамақтандыру, серуендету, шомылдыру сияқты бар жағдайды жасады. Тіл білмеген соң қиындықтар болуы мүмкін деп ойладық, бірақ бәрі жақсы өтті. Екі кісі бізсіз демалып қайтты деп айтсақ, артық емес. Ата-анамыз аман-есен жанымызда болғаны – біз үшін ең үлкен бақыт, – деп жазды Бүркіт.
Әншінің бұл әрекеті желі қолданушыларының жылы лебізіне ие болды. Желі оқырмандары оның ата-анасына көрсеткен құрметі мен қамқорлығына тәнті болып, игі тілектерін жаудырды.