Атмосфералық қысым өрісінің әсері: Елімізде 18 наурызда ауа райы қандай болады

Жаңалықтар

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы 2025 жылдың 18 наурызында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Тек еліміздің батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болады". "Қазгидромет" РМК

Сондай-ақ, Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі сынды ортақ табиғи құбылыс тән, ал еліміздің батысында, солтүстігінде көктайғақ, күндіз оңтүстік -батыста шаңды дауыл тұрады деп болжанады.

Бұған дейін синоптиктер еліміздің ірі үш қаласы бойынша алдағы үш күннің ауа райы болжамымен бөліскен болатын.