Тоқаев "Самұрық-Қазына" АҚ-тың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

Жаңалықтар

2025 жылы 17 нрауызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрлан Жақыпов Мемлекет басшысына "Самұрық-Қазына" АҚ-тың атқарып жатқан жұмыстары мен жүзеге асырушы жобалары туралы есеп берді.

Атап айтқанда:

  • Акционерлік қоғамның 2021-2024 жылдар аралығындағы орташа жылдық табыс 13 пайызды құраған;
  • компаниялар тобының инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 100 миллиард доллардан асатын 130 жоба бар;
  • биыл 7 ірі инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Олардың қатарына «Достық-Мойынты» учаскесінде екінші теміржол желісі мен Алматы айналма теміржолын салу, Ақтау портының базасында контейнерлік хаб құру сияқты жобалар енеді.

Ал былтыр отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында жүргізілген шаралар мынандай:

  • кәсіпкерлермен жалпы құны 1,1 триллион теңге болатын келісімшарттар жасалған;
  • офтейк-келісімшарттардың саны 2023 жылмен салыстырғанда 10 есе артқан.
"Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" АҚ-ның тиімділігі мен активтерінің құнын арттыру жұмыстарын жалғастыру маңызды екенін атап өтті. Президент ұлттық экономиканың болашағына тікелей әсер ететін негізгі инфрақұрылымдық жобаларды сапалы іске асыруға айрықша мән беруді тапсырды", делінген ресми хабарламада.