Білім беру сапасының заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесімен педагогтардың кәсіптік даярлықтан өту куәліктерінің жалғандығы анықталды.
Мысалы, "Ә" есімді педагог 2024ж. наурыз айында SDU University университетінің (Алматы қ.) "Арнайы педагогика" мамандығы "логопед-дефектолог" біліктілігі бойынша қайта даярлау курсынан өткені туралы жалған куәлігін пайдалану арқылы, мектепте "педагог-психолог" лауазымында жұмыс жасаған.
Ұқсас деректер, аудандағы орта білім беру ұйымдарындағы 6 педагогтен анықталды.
Аталған әрекеттер үшін, сот үкімімен 7 педагог Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға айыппұл жазасы тағайындалды.