Елордада Наурыз мейрамы қарсаңында 15 метрлік жент әзірленді (видео)

Жаңалықтар

Наурыз мейрамы қарсаңында Астанада ұзындығы 15 метр, жалпы салмағы 150 кг жуық жент дайындалды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шараға Астана қаласындағы сервис және туризм колледжінің 15 өндірістік оқыту шебері, 31 оқытушысы және 55 студенті қатысқан.

Дайын өнімнің көлемі де таңғаларлық: жентке 50 кг талқан қолданылған. Оның жалпы ұзындығы – 15 метр, ені – 30 см, ал биіктігі – 4 см. Жалпы салмағы – 150 кг жуық.

Айта кетейік, жент қазақтың аса шеберлікпен жасайтын әрі өте дәмді, тағамдық нәрі мол жеңсік тағамдардың бірі. Жент қыста қатпайды, жазда бұзылмайды, әрқашан дәмі мен нәрін сақтайды. Соған орай көшпелі халықтың дастарқанынан үлкен орын алған.