Қала прокуратурасы салық заңнамасының сақталуына және көлеңкелі экономикаға қарсы тұру саласындағы заңдылықтың жағдайына тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеріс нәтижесінде "A" ЖШС құрылыс компаниясы іс жүзінде жұмыстар орындамай, тауарларды тиеп – жөнелтпей жалған шот-фактура жазған фактілері анықталды.
Сонымен қатар компания жұмысшыларына зейнетақы, әлеуметтік және жеке табыс салығын төлемеген.
Нәтижесінде мемлекетке 640 миллион теңгеге залал келтірілді.
Қала прокуратурасы осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабының 3-бөлігіне (аса ірі мөлшерде іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, істі сотқа жолдады.
14.02.2025ж. сот үкімімен "A" ЖШС-ның директорына 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасытағайындалды.