Сюзан Ламенс 2024 мансабында алғаш рет Осакада өткен WTA 250 турнирінің чемпионы атанғанын ескерер болсақ, алдағы матчтың айқын фавориті Елена Рыбакина екені сөзсіз.
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакинаның (No7) Индиан-Уэллстегі (АҚШ) WTA-1000 турниріндегі алғашқы қарсыласының есімі белгілі болды. Екінші айналымдағы кездесуде Рыбакина бірінші айналымда чех теннисшісі Мари Буузкованы (No50) ұтқан нидерландылық Сюзан Ламенске (No64) қарсы шығады — 3:6, 6:3, 6:3.
Рыбакина мен Ламенстің кездесуі 9 наурызға жоспарланған.
Айта кетейік, Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева да (No20) Индиан-Уэллстегі турнирді екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы аргентиналық Мария Карледен басым түскен чехиялық Катерина Синякова (No59) болады — 6:2, 6:1. Путинцева мен Синякова арасындағы ойын да 9 наурызға жоспарланған.
Турнирдің жүлде қоры сегіз миллион 963 мың 700 долларды (төрт миллиард теңгеден астам) құрайды.