Елена Рыбакина Лондондағы турнирдің ширек финалына шықты

Жаңалықтар

Қазақстандық спортшы турнирдің 1/8 финалында ұлыбританиялық теннисші Хезер Уотсонмен шеберлік байқасты.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Лондондағы турнирдің ширек финалына шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ол қарсыласын 6:4, 6:2 есебімен екі сетте жеңді.

Елена матч кезінде тоғыз эйс жасап, үш қос қателік жіберді және алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Енді Рыбакина ширек финалда германиялық теннисші Татьяна Мариямен кездеседі.