Атырауда екі әйел сот залының есігін мен микрофондарды сындырды

Жаңалықтар

Атырауда бұған дейін сот ғимаратында бүлік салған екі әйелге үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі мамандандырылған сотта екі әйелге қатысты істер Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабының 1-бөлігі "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша қаралды.

"Сот отырысы барысында азаматша М.-ның сот залындағы компьютердің мониторын және үш микрофонын ұрып-соғып, қасақана зақымдағаны анықталды", — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Екі әйел де құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға әкімшілік айыппұл салынды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.