"Құмар ойын ойнаса да, арақ ішсе де ер адамның бастысы еркектік қабілеті бар": Рухани коучтің сөзі желіні шулатты

Жобалар

Коуч Роза Әшірбаева ҚМДБ Әйел-қыздар сектор меңгерушісі Динара Нұрғалиеваның ерлер туралы айтқан сөзін жариялады.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жариялады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Видеода Динара Нұрғалиева ер адам қандай болса да, әйел адам шүкір ете білу керектігін айтқан.

«Салихалы ұрпағын таратамын деген жан ол жерде сенікі, менікі деген тіпті дұрыс емес. Махаббат күшті болсын десе, ең алдымен ер азаматын сыйлау керек. Әйелі иіліп, тамағын жасап, бағынып сүйіп тұратын болса, ол ер азаматы жұмыс жасап жатыр ма, жатқан жоқ па, қандай кемшілігі болса да оны көрмейді. Өйткені, Алла тағала ниетіне қарай махаббат дегенді жүрегіне салып қояды. Ал махаббат болған жерде, жолдасыңыз үйде жата ма, диванда аяғын аспанға көтеріп жата ма, басқа дүниемен айналыса ма сіз оған мән бермейсіз. Өйткені, «сол азаматым аман болсым, сол азаматымның денсаулығы жақсы болсын. Кез келген қиыншылықты бірге көріп. Осы бала-шағаның қызығушылығын бірге көрейік» деген шынайы өзінің жүрегін берген жанға ақша, ортада бала болмау, табыстың болмауы ортаға еш кедергі болмайды. Ең бастысы бір-біріне деген сыйластық, сыйластық махаббатқа ұласады. 5 жыл университет қабырғасында түрлі қыз-келіншектер келетін. Ата-енеміз, қайын әпке, қайын сіңлі арамызға түседі дейтін. Табыс таппайды, құмар ойын ойнайды дейтін. Ер азаматтың қандай кемшілігі болса да, мен айтамын «араларыңызда бала бар ма» деп. Ол «иә, ұл да, қыз да бар» дейді. «Сізге артық не керек?» деймін. Өйткені, балалы бола алмай жүрген қаншама әйелдер бар. Құмар ойын ойнай ма, арақ іше ме, жұмыс жасамай ма қандай болмасын бастысы еркектік қабілеті бар», — деді Динара Нұрғалиева.