Желіде Талғар әкімінің мешітте намаз оқыған сәті тарады (ВИДЕО)

Жобалар

Әлеуметтік желілерде әкімнің мешітте намаз оқып жатқан сәті түсірілген видео кең тарап, жұрттың назарын аударды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sn.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Көпшілік оның ішкі шынайылығы мен қарапайымдылығын ерекше атап өтуде.

Бұған дейін де қала басшысы әлеуметтік желілерде ашық пікір алмасуымен және тұрғындар игілігі жолында атқарып жатқан белсенді жұмысымен елдің ықыласына бөленген болатын.