Сербия премьер-министрі мен үкіметі отставкаға кетті, деп хабарлайды 24kz.
Оған елдегі жаппай ереуілдер себеп. Былтыр темір жол станциясының шатыры опырылып құлап, 15 адам көз жұмған еді. Жұрт бұған құрылыс кезінде жемқорлыққа жол берген билікті кіналап, наразылық шаралары басылмай отыр. Сондықтан үкімет басшысы Милош Вучевич қызметінен кетуге мәжбүр болған. Енді Сербия президенті парламентке жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынуы тиіс. Сондай-ақ бір ай ішінде жаңа үкіметтің құрамы бекітілу керек. Әйтпесе, мемлекет басшысына парламентті таратып, жаңа сайлау өткізуге тура келеді.