Германия үкіметі отставкаға кетті

Жаңалықтар

Германия канцлері Олаф Шольц пен оның үкіметі қызметінен кетті .

25 наурызда өткен салтанатты рәсімде ел президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Шольц пен оның 14 министріне отставка туралы ресми құжатты табыстады. Шара Берлиннің орталығындағы Беллеву президенттік сарайында өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Конституцияға сәйкес, канцлер мен министрлер жаңа Бундестаг шақырылған сәтте өз өкілеттігін тоқтатады. Алайда жаңа үкімет құрылғанша, бұрынғы министрлер кабинеті уақытша қызметін жалғастырады.

Келесі канцлер Фридрих Мерц 20 сәуірге дейін жаңа министрлер кабинетінің құрамын таныстыруға уәде берді.