Нидерландта 29 қазанда мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтеді, деп хабарлайды 24kz.
Өйткені бірер күн бұрын премьер-министр Дик Схоф бастаған министрлер кабинеті отставкаға кетті. Оның бұл шешіміне парламенттегі билеуші коалициядан «Еркіндік партиясының» шығуы себеп. Герт Вилдерс басқаратын бұл партия елдегі көші-қон заңы бойынша үкіметтің саясатымен келіспей қалған. Ал, билеуші коалициядағы өзге партия өкілдері бұл қадамын саяси қателікке теліп отыр.