«Эскорт қыздың бір түнге алатын ақшасындай сыйақы керек емес»: Қуат Хамитов желіні шулатты

Жобалар

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов желідегі парақшасында өз ойын айтып, елді шулатты, — деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Назым Қызайбай әлем чемпионатының тарихи «алтыны» үшін Асхат Тағыбергеннің жалақысынан үш есе аз сыйақы алды

"Егер мемлекет маған әлем чемпионатының алтыны үшін 15 000 доллар берсе, мен Мұхаммед Әли сияқты бұл ақшаны медальмен бірге лақтырып жіберер едім! Тек өзенге емес, дәретханаға! Маған бір түнде эскорт қыз алатын сыйақымен бірдей ақша не үшін керек?! Иә, балаларды спортқа бермеңіздер, бұл жай ғана азап!", — деді ол.

Айта кетейік, "Ордабасы" футбол клубының капитаны Асхат Тағыберген ай сайын 20 млн жалақы алатыны белгілі болды.