Осылайша бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды.
Ақмола облысында қызметкерлерге сыйақы (премия) береміз деген сылтаумен ақша жымқырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ақмола облысы Жақсы ауданы прокуратурасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, білім бөлімінде қызметкерлер үшін жалған сыйақы беру жолымен 22 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады", — деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Аудан прокуратурасымен бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Тергеу облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырылды.